Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицей түнгі уақытта туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Атырауда полицей түнгі уақытта туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

19 сәуір күні Бельгиядан шыққан шетелдік туристер Моңғолия бағытына сапарлап бара жатып, Құрманғазы ауылы маңына аялдаған. Түнгі кезекшілік барысында жол жиегінде тұрған көліктерді байқаған Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы Есмағанбет Миянов дереу тоқтап, шетелдік азаматтармен тілдесті.

Тәртіп сақшысы олардың жағдайын сұрап, қауіпсіз сапарды қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әсіресе түнгі уақытта жолда жүру кезінде сақтық шараларын қатаң ұстанудың маңыздылығына тоқталды.

Есмағанбет Миянов ішкі істер органдарында 10 жылдан астам уақыт бойы абыройлы қызмет етіп келеді. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын тәжірибелі қызметкер үшін мұндай жағдайлар – күнделікті қызметтің бір бөлігі. Айта кету керек, бұл бағыт арқылы шетелдік туристердің өтуі жиі кездеседі. Осындай сәттерде учаскелік инспектор жолаушыларға бағыт-бағдар беріп, қажет болған жағдайда көмек көрсетуді өзінің азаматтық әрі қызметтік міндеті деп біледі.

Кездесу барысында полицей жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін тағы бір мәрте ескертіп, алыс сапардың сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде шетелдік қонақтар көрсетілген қамқорлық пен ілтипат үшін алғыс айтып, қазақ халқының қонақжайлылығына жоғары баға берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру