Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда тәртіп сақшылары аналарын іздеуге шыққан балаларды үйлеріне қайтарды

Атырауда полицейлер аналарын іздеуге шыққан балаларды үйіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеше ювеналды полиция тобының қызметкерлері түнгі тәртіпті қадағалау кезінде кешкі сағат 21:30 шамасында бес жас шамасындағы жалғыз жүрген қыз баланы байқаған.

Мән-жайды анықтау кезінде бүлдіршіннің сауда орталығына кеткен анасын ұзақ уақыт күте алмай, өз бетімен іздеуге шығып, бағытынан адасқаны белгілі болды.

Артынша ювеналды полиция тобының инспекторы сол үйдің жеті жастағы екінші қызының да дәл осындай жағдайда далада жалғыз жүргенін байқап, үйіне жеткізген.

Балаларды полиция қызметкерлері аман-сау үйлеріне жеткізіп, ата-анасына табыстады. Сондай-ақ ювеналды полиция тобының қызметкерлері балалардың анасымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру