Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық мас жүргізушінің көлігінен қару табылды

Атыраулық полицейлер қару тасымалдаған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері Алмагүл ықшам ауданында “Mitsubishi Lanser” көлігін тоқтату кезінде, көлік жүргізушісі заңды талапқа бағынбай, ізін суытпақ болған.Тексеру барысында жүргізушінің масаң күйде екені және көлігінен шолақ мылтық табылып, алынды.

Сот медициналық сараптама қорытындысымен жүргізушінің жеңіл дәрежелі ішімдік ішкені анықталып, оған қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабымен “Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы” хаттама жасақталды.

Сонымен қатар, ҚР ҚК 287-баптың 3-бөлігі “Атыс қаруын, оқ-дәрілерді жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру