Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО Полиция бөліністерінің автопаркі жаңа автомашиналармен толықты

Солтүстік Қазақстан облысы полиция бөліністерінің автопаркін 35 жаңа автомашина толықтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Лада Веста” қызметтік автокөліктерінің кілттеріне Петропавл қ. және қала сыртындағы жолдарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін патрульдік полиция қызметкерлері ие болды. Көліктер Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018-2021 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру аясында алынды.

Күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтауға патрульдік полицияның 30-дан аса экипажы кезекшілікке түседі, негізінен “Нива” және “Лада гранта” автокөліктері, енді олардың бір бөлігі шалғайдағы елді мекендерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тапсырылады. Жыл басынан патрульдік полиция қызметкерлерімен 700-ден астам қылмыс ашылды. Сондай-ақ, патрульдік полиция қызметкерлері жол үстінде қиындыққа ұшыраған солтүстікқазақстандықтарға әрдайым жәрдемдеседі. Осындай оқиғалардың бірі – М. Жұмабаев ауданында орын алды. Полиция қызметкерлері патрульдік машинамен ауыр халдегі науқас ер адамды ауруханаға жеткізді. Туыстарының жол үстінде көліктері істен шығып, облыс орталығындағы ауруханаға жеткізе алмаған. Патрульдеуде жүрген полицейлер жол үстінде науқастанып қалған жүргізушілер мен жолаушыларға, жүкті әйелдерге көмек көрсетіп тұрады.

– Қазір, пандемия жағдайында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқаруда, алғашқы кезекте, азаматтарға көмек көрсетуге бағдарланған полицейлердің жұмыс тиімділігіне септігін тигізетін материалдық-техникалық нығайту өте маңызды, – деп атап кетті СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.

Полиция ведомствосының басшысы қызметтік автокөлік жүргізушілеріне халыққа барынша көмек көрсетуді тапсырды.

Айта кететіні, каратиндік іс-шаралар кезеңінде тәртіп сақшыларының азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттері арта түсті. Сонымен қатар, автопатрульдер су қоймаларында, жол-көлік апаттары және төтенше оқиғалар кезінде адамдарға көмек көрсетуге қажет болатын құтқару құралдарымен жарақтандырылған. Дәл бүгін жаңа көлік құралдары автопаркі соңғы бірнеше жылда жаңа автокөліктермен толықпаған аудандарға жол тартады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру