Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауаға оқ атқан павлодарлыққа қатысты тергеу басталды

Ауаға оқ атқан павлодарлыққа қатысты тергеу басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қарашада сағат 02.00-де Павлодар қаласының полициясына Павлов көшесіндегі 38 үйдің ауласында 40 жастағы ер адам 12 калибрлі “Mossberg” маркалы тегіс ұңғылы мылтықтан ауаға екі оқ атқаны туралы хабарлама келіп түсті.

– Атыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Мылтық тәркіленді, – деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Полиция аталған факті бойынша 40 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлімінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Оқиғаның мән-жайлары мен себептері сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде анықталатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру