Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөліктен әмиян мен бейнетіркегішті ұрлаған ақмолалық ұсталды

Автокөліктен әмиян мен бейнетіркегішті ұрлаған ақмолалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 сәуір күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығы тұрғынының 12 сәуірге қараған түні белгісіз адам Mazda маркалы автокөліктен кілтті таңдау арқылы 67 мың теңгесін, құжаттары бар әмиянды және бейнетіркегішті ұрлап кеткені туралы өтініші келіп түсті. Залал сомасы 90 мың теңгені құрады.

Жәбірленуші жұмыстан кеш оралып, ақшаны көліктің ішінде қалдырып, құлыптаған. Таңертең ер адам ақшаның жоғалғанын бірден байқамаған, тек жұмысқа бара жатып, дүкеннен зат сатып алғысы келгенде ғана көрген. Ақмолалықтың айтуынша, құлыптың зақымдануының іздері болмаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны анықталды, оның қатысы қазіргі уақытта тексеріліп жатыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Күдіктінің айтуынша, ол бейнетіркегішті лақтырып тастап, ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақмола полицейлері азаматтарды қырағы болуға, құжаттар мен ақшаны көлік құралдарында, тіпті олар құлыптаулы болса да қалдырмауға шақырады. Мүлікті сақтау үшін дабыл қағу құралын орнатып, автокөлікті күзетілетін тұрақта немесе бейнебақылау камераларының көз алдында қалдыру керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру