Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аз қамтылған отбасыға көмек көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері көпбалалы, аз қамтылған отбасыларына көмектесіп, қайырымдылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері қиын, әрі қауіпті күнделікті жұмыстарынан бөлек, әрдайым көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау көрсетіп, демеушілік жасап тұрады.​​​Қазіргі таңда әлемді дүрліктірген індетке байланысты Түркістан облысында карантин жарияланып, жұмыстар тоқтап, біраз отбасыға оңайға соғып тұрған жоқ. Күнделікті тұмысқа қажетті азықтүліктерге мұқтаждар да бар арамызда. Осы тұста, Түркістан облысының Полиция департаменті басшылығының қолдауымен, “Біз біргеміз” акциясы аясында департамент басшысының орынбасары А.Қалдарбеков және Анықтау басқармасының қызметкерлерінен құрылған арнайы топ, қаладағы көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға бірінші кезекте, керекті азықтүліктер таратып, жәрдем етті. Осылайша, полицейлер тарапынан тағы бір ізгі амал жасалды. ​​

Жәрдемге ие болған аналар полицейлерге ризашылықтарын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

Полицейлер “Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндеті болса да, жұртшылыққа бар жағынан жанашыр болу біздіңпарызымыз деп есептейміз.Қажет болса, азық-түліктей, киімдей, қаржылай көмектесеміз. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермекдеп атап өтті сөздерінде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру