Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен павлодарлық жазаланды

Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен павлодарлық такси жүргізушісі жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында ағымдағы жылғы 17 мамыр мен 16 маусым аралығында Павлодар облысының аумағында “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Бір ай бойы полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтап, жолын кеседі, сондай-ақ ЖКО-ға жол бермеу бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

– Іс-шараны өткізген 10 күн ішінде полицейлер үш мыңға жуық ЖҚЕ бұзушылығын, оның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 27 бұзушылықты анықтады. Ең жиі кездесетін бұзушылық – қауіпсіздік белдігінсіз көлік жүргізу, осындай 600 факті анықталды. Ал 403 жаяу жүргінші белгіленбеген жерде жолдан өткен. Ұялы телефон арқылы сөйлесуді ұнататындардың саны 250 құрады, – деді Павлодар облысы ПД-нің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Тағы 69 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарды, 13-і көлік құралын басқарғаны үшін жазаланды, бесеуі жалған нөмірі бар көлікті басқарды, ал төрт жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін жауапқа тартылды. Айып тұрағына 145 автокөлік қойылды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілеріне ерекше назар аударды.

Мысалы, 27 мамыр күні сағат 19:00 шамасында Павлодар қаласында Сәтбаев – Чокина көшесімен маршруттық такси жүргізушісі келе жатып, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп, өрескел бұзушылық жасады. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 599-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылып, 10 АЕК айыппұл салынды.

Ақтоғай ауылында ВАЗ-21213 маркалы автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Базаны тексеру кезінде көрсетілген мемлекеттік нөмірдің жалған екендігі анықталды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 612, 590-баптары бойынша әкімшілік материалдар жасалып, сотқа берілді. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Сол күні сағат 02:17-де Н. Назабаев даңғылындағы үйдің жанында тәртіп сақшыларының назарына Toyota автокөлігі түсті. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші полиция сұрақтарына сенімсіз жауап берді және өзін күмәнді ұстады. Ер адам мас күйінде болғаны анықталды. Полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады, материал сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру