Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта тұрғын өндірістік кәсіпорыннан темір құбырларды ұрлап кетті

Балқашта тұрғын өндірістік кәсіпорыннан темір құбырларды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 сәуірде Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне хабарлама түсті, онда белгісіз біреу өндірістік кәсіпорынның өндірістік бөлімінен темір құбырларды ұрлап кеткені туралы айтылды.

Полиция қызметкерлері ұрлықтың түнде болғанын анықтады. Келтірілген шығын мөлшері 620 мың теңгені құрайды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

22 мамырда жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті – 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру