Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бейіт қоршауларын ұрлағандар ұсталды

Жамбылдық полицейлер бейіт қоршауларын ұрлағандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талас ауданы полиция бөліміне Қаратау қаласының 38 жастағы тұрғыны туыстарының бейітіндегі шойын қоршауларды бұзып, ұрлап кеткендігі туралы хабарлады.

Аудандық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 25 және 19 жастағы Қаратау қаласының тұрғындары анықталды. Оның бірі бұрын жерлеу бюросында жұмыс істеген.

Күдіктілер зиратқа барғанда бірінші кездескен шойын қоршауды бұзып, бөлшектеп қол арбамен алып кеткен. Металл бөлшектерін сатқан ақшаны сол күні жаратып, жеңіл қаржыға дәніккен олароқиға орнына қайта келіп, вандалдық әрекеттерін жалғастырған. Тергеу жұмыстары барысында күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмастарға қатыстылығы анықталды.

Ұсталғандар кінәсін мойындады.

Аталған дерекке қатысты қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлімі 1-тармақшасымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру