Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Белгілі тұрағы жоқ адамдарға дәріс өтті

Шығыс Қазақстан облысында белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған дәріс өткізілді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Жылу беру кезеңінде Өскемендегі өрттер мен тұншықтырғыш газбен улану
жағдайлары ұлғаюда. Жағдайды тұрақтандыру үшін Өскемен қаласының Төтенше жағдай басқармасының мамандары бейәлеуметтік өмір салтын жүргізетін тұлғаларға ерекше көңіл бөле отырып, алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Ол үшін құтқарушылар кезекті рет Өскемен қаласы полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына барып, тұрғылықты жері жоқ адамдармен әңгімелесулер мен нұсқаулықтар өткізді.
«Мас күйде өмір сүретін және тұрақты жұмыс орны жоқ адамдарға бізде ерекше көңіл бөлінеді. Әр түрлі өмірлік жағдайлар бойынша тұрғын үйсіз және жұмыс жасамай қалған, алкогольді теріс пайдаланатын азаматтар жеке басының және айналасындағылардың қауіпсіздігі туралы ұмытады. Қыс мезгілінде олар қараусыз қалған үйлер мен құрылыстарда, тұрғын үйлердің жертөлелерінде және жылу трассаларында жылытудың әртүрлі тәсілдерін табады, бұл кейде қайғылы зардаптарға және күрделі өрттерге әкеп соғады, сондықтан біздің басты міндетіміз осы жағдайларды алдын алу және әрбір өрт қауіпсіздігі ережелерін жеткізу», – дейді қалалық Төтенше жағдай басқармасы баспасөз хатшысы Марина Лискова.
Өскеменнің қабылдау-тарату орнына күн сайын 15-ке жуық адам келеді, әр
түрлі себептермен қалыпты өмір салтының шегінен тыс қалған. Белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға өртке қарсы нұсқаулық өткізілді. Қаладағы өрт жағдайы туралы, ондағы адамдардың қаза болуы туралы айтылды. Өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін және қауіпсіздік шараларын сақтауды үйретті, жылу трассаларының люктерінде, тұрғын үйлердің жертөлелерінде және шатырында түнеу орнатуға қатаң тыйым салынатынын ескертті. Түсініктірек болу үшін қабылдағышқа келушілерге парақшалар таратылды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру