Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өрт қауіпсіздігі шараларына нұсқамалар жүргізіліп жатыр

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің алдын-алу бойынша Шығыс Қазақстан облысында шаралар жүргізілуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Алдын алу рейдтері барысында Өскемен қаласы төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері және Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдай департаменті «ӨСжАҚЖҚ» ММ өрт сөндірушілері азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бойынша нұсқамалар жүргізеді. Осындай іс-
шаралар жылыту кезеңінде дәстүрлі. Олардың негізгі мақсаты-өз қауіпсіздігіне
немқұрайлы қарау салдарынан өрт санының қайғылы статистикасын азайту.
Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін елемеу өртпен байланысты жазатайым жағдайларға әкеп соқтырады. Рейд барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі және тұрмыстағы жүріс-тұрыс ережелері туралы, өрттің пайда болу себептері туралы, сондай-ақ осындай жағдайлардан өздерін барынша қауіпсіздендіру туралы ақпарат жеткізіледі.
Әңгімелесуден кейін үй иелеріне пешті, электр құралдарын және газ жабдығын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері, сондай –ақ болған апат туралы хабарлауға және дереу көмек алуға болатын телефон нөмірлері баяндалған парақшалар (түбіртек-ұсыныстар) қалдырылады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру