Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір көлікте отырған жолаушы әйелдің қалтасынан телефонын ұрлап кетті

Түркістан облысының полицейлері кезекті ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол кешкі сағат 17:00 шамасында жұмыс орнынан шығып, үйіне жету үшін такси шақырады. Содан үйіне келгенінде ұялы телефонын таппай қалады. Осы бойынша полицейлерге арызданып, көмек сұрайды. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 70 мың теңгені құрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Осы оқиғаға байланысты тәжірибелі тәртіп сақшылары жұмылдырылып, жедел іздестіру шараларына кірісті. Полицейлер жәбірленушіден, куәгерлерден жауап алып, күдіктінің жеке-басын, тұрғылықты мекен-жайын анықтады. Тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, күдіктіні үйінен ұстады. Ол – жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында күдікті жәбірленушімен бірге көлікте отырған жолаушы екені анықталды. Жеңіл жолмен ақша тапқысы келген ол, жәбірленушінің қалтасынан білдіртпей ұялы телефонды жымқырғаны белгілі болды. Күдікті ретінде ұсталған ер адамнан ұрланған “Redmi 9” маркалы ұялы телефон тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға қоғамдық орындарда бағалы заттарыңызға сақ болыңыздар және үйлеріңізді ашық-шашық қалдырмай, аз уақытқа шықсаңызда құлыптап жүріңіздер деп кеңес береді. Оған қоса, осындай ұрлық жайтының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру