Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір млн теңге салынған сөмке бейнекамералар көмегімен табылды

Түркістан облысында жоғалған бір млн теңге салынған сөмке бейнебақылау камерасының көмегімен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлеріне Қызылордалық тұрғын шынайы ризашылығын жеткізіп, алғыс бейнежазбасын жолдады.

– Мен Түркістан қаласына жеке жұмыстарыммен барып, қала ішінде белгісіз таксиге отырдым, діттеген жеріме келген соң түсіп қалдым. Арадан бірнеше минут өткенде көлік ішінде бір млн теңге ақшасы бар кіші қол сөмкемді ұмытып кеткенімді байқадым. Бірден түскен жеріме қайта келгеніммен, ол көлікті таппай қалдым. Білетінім, тек қана көліктің түсі және маркасы, ал оның мемлекеттік тіркеу нөмірі немесе байланыс телефондарынан мүлдем хабарсыз едім. Содан жүгіріп, жақын маңдағы полиция пунктіне хабарласып, көлікті табуға көмек берулерін сұрадым. Бірақ табылмайды-ау деп іштей күдерімді үзген едім. Алайда Түркістан облысының қырағы, кәсіби шебер полицейлерінің шұғыл жұмысы барысында төрт сағат ішінде көлік, сөмкем, ақшам да табылды. Өте қуаныштымын. Тәртіп сақшыларына Алла разы болсын, – деді қызылордалық тұрғын бейнежазбада.

Нақтырақ айта кетсек, Түркістан ҚПБ-ның полицейлері ақпарат алысымен тез арада әйелдің ірі көлемде ақша салынған сөмкесін тауып беруге кіріскен. Тәртіп сақшылары қажетті деп танылған барлық шараларды іске асырған. Нәтижесінде, ЖБО бейнебақылау камералары арқылы бірнеше сағат ішінде тұрғынның сөмкесі қалып кеткен көлік табылған. Яғни, полицейлер тез арада облыс орталығында орналасқан бейнебақылау камераларын жіті тексеріп, автокөлікті анықтап, тапқан. Жоғалған сөмке, ішіндегі барлық ақшасымен заңды иесіне қайтарылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру