Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұртқа жақын полиция: СҚО-да шалғайдағы ауданда жаңа учаскелік полиция пункті ашылды

СҚО-да шалғайдағы ауданда жаңа учаскелік полиция пункті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полциясының 30 жылдығы қарсаңында СҚО Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносовка ауылында қызметтік үй-жаймен біріктірілген учаскелік полиция пункті ашылды. Ашу рәсіміне ауыл тұрғындары, аудан әкімі Серік Мұхамедиев, СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов және СҚО ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшелері қатысты.

Ломоносов ауылдық округі облыс орталығынан 300 км жерде орналасқан. Округ құрамына 2 мыңнан астам адам тұратын төрт ауыл кіреді. 2016 жылдан аталған учаскеде тәжірибелі учаскелік полиция инспекторы Азамат Сыздықов қызмет көрсетеді; жыл басынан ол 128 түрлі әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, екі қылмыстың бетін ашты. Округте учаскелік инспекторлардың жұмыстарына қиындық тудыратыны – ауылдардың бір-бірінен алыс орналасуы. Мәселен, бір уақытта бірнеше ауылда шұғыл ден қою қажет болған жағдайда елді мекендердің бір-бірінен шалғай орналасуы қиындық тудырады.

Полицияның 30 жылдығы қарсаңында аталған мәселе жартылай шешілді: жергілікті ЖШС және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен ауылдық округтің орталық ауылында полиция инспекторының отбасына тұрғын үймен біріктірілген заманауи учаскелік полиция пункті ашылды.
Аумағы 100 шаршы метрден асатын жаңа ғимарат Ломоносовка ауылы, Ломоносовская көшесі, 21 “А” мекенжайында орналасқан. Бұл ауылдың орталығы. Ауыл тұрғындары жұмыс бөлмесімен біріктірілген жаңа үйге оң бағасын берді. Айта кететіні, округтің тұрғындары үшін арнайы Ломоносовка а. облыстық полицияның Мәдени орталығының вокалдық тобы концерттік бағдарламамен барып өнер көрсетті. Ауылдықтар учаскелік полиция пунктінің ашылуына және келе жатқан Полиция күніне орай орындалған жан тебірентерлік ән мен биге риза болды.

СҚО Полиция департаменті бастығы Айдын Қабдұлдиновтың айтуынша, осындай учаскелік полиция пункттері “жұртқа жақын полиция” қағидаты және полицияның сервистік жұмыс моделі шеңберінде ашылуда. Учаскелік полиция инспекторының жұмыста тәулік бойы болуы ең бірінші кезекте ауыл тұрғындары үшін ыңғайлы. Тұрғын үймен біріктірілген Ломоносов полиция пункті осымен осындай бесінші полиция пункті болды. Бұндай екі пункті бұдан бұрын Мамлют және Уәлиханов ауданында, сондай-ақ Петропавл қаласының жаңа “Жас Өркен” ықшам ауданында өткен жылдың желтоқсан айында ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру