Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірнеше дүкенді тонаған криминалдық жұп ұсталды

Петропавлда бірнеше дүкенді тонаған криминалдық жұп ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдағы азық-түлік дүкендерінің иелерінен ұқсас сценарий бойынша жасалған ұрлық және тонау туралы бір күннің ішінде үш арыз келіп түсті.

Бетперде киген екі ер адам шағын азық-түлік дүкендеріне кіріп, азық-түліктерді толтырып алған соң, біреуі – сатушыны сөзге тартқан кезде, екіншісі – азық-түлік толы пакетімен ізін суытып отырған. Дүкенде қалған сыбайласы сатушыға аяушылық танытып, тіпті сатушымен бірге ұрының соңынан қуа жүгірген сыңай білдірген. Бір жағдайда олардың біреуі талап етілген жеке куәлігіне кеткендей сыңай танытып тысқа шыққанда, екіншісі пакетті алып оның соңынан қашып кеткен. Дүкендегі сатушылар полицияға жүгінген, дүкендердің біріндегі бейнежазба әлеуметтік желіде пайда болған. Ұрылар қылмыстық іс-әрекеттерінің бейнебақылау камерасына түсіп жатқандығын сезбеген де. Бетпердеде өздерін ешкім танымай қалады деп ойлаған. Алайда, Петропавл қ. Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері бейнежазбаларды мұқият зерделеп, азық-түлік пен спирттік ішімдіктерді бұрын сотты болған Жұмысшы кентінің 30 жастағы тұрғыны қолды қылып отырғанын анықтады. Криминалдық жұпты біреуінің вокзал маңындағы пәтерінен ұстады.

Екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықовтың сөзінше, қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) және ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілер үш фактіні де мойындады.

Жылдам әрекет ету және қылмыскерлерді ізін суытпай ұстау – мүліктік қылмыс жасуды жоспарлап жүргендерді сабасына түсірудің профилактикасы болып табылады. Ұрлық жасалған барлық сауда объектілерінің иелерімен бейнебақылау жүйелері орнатылғандығын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру