Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік түймеге бекітілген бейнекамераны сатпақ болды

Шымкенттік түймеге бекітілген бейнекамераны сатпақ болған жерінен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тамыз айының 18-20 күндер аралығында өткізілген республика көлемінде “Anti-Fraud” жедел-профилактикалық шара барысында Шымкент қаласының тұрғыны жасырын ақпарат алуға арналған, түймеге бекітілетін бейнекамераны сатып жатқаны анықталып, Абай ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.

Аталған азаматтан айғақты заттар тәркіленіп алынып, ҚР ҚК-нің 399-бабы 1-бөлігі (Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, өткізу) бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру