Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Қызылордада ЖБО бейнекамералары арқылы 11 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Биыл Қызылордада ЖБО бейнекамералары арқылы 11 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады.

Айта кетейік, жыл басынан бастап “102 “ арнасына 9 255 қоңырау түсіп, хабарлама бойынша қызмет көрсетілген. Ал Жедел басқару орталығының көмегімен 11 408 құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде жол ережесін бұзған 9 236 азамат  анықталған.

“Мүлдем төзбеушілік” қағидасын қалыптастыру мақсатында бейнебақылаушы инспекторлардың көмегімен ұсақ бұзақылық деректері бойынша: қоғамдық орынды ластау – 1178 дерек, қоғамдық орында мас күйінде жүру – 1178, қайыршылық – 52 және басқада құқық бұзушылықтың 384 дерегі анықталған.

“102” мобильді қосымшасына 8 хабарлама түсіп, алтауына әкімшілік хаттама толтырылған және “SOS” дабыл кнопкасына екі хабарлама түсіп, біреуіне әкімшілік хаттама толтырылып, біреуі арыз алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру