Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да 185 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды

БҚО-да төрт күннің ішінде 185 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында облыс аумағында мүдделі мемлекеттік органдары, үкіметтік емес ұйымдар, жұртшылықты жұмылдыра отырып, “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясы өткізілуде.

Акцияның төрт күнінде полиция қызметкерлерімен тұрғылықты жерлері бойынша ішкі істер органдарының есебінде тұрған 3500-ден астам адам тексерілді. Акцияның басынан 185 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Сот тәртібімен 23 адамға қатысты ерекше талаптар орнатылды.

Атап айтқанда, 27 қарашада Глубокое АПБ ЖПҚБ УПИ есептегі адамдарды тексеру барысында “Қорғау нұсқамасы шығарылған адам” санаты бойынша есепте тұрған Алтайский кентінің 48 жастағы тұрғынының тарапынан құқық бұзушылық анықталды. Ер азамат мас күйде бола тұра, некесіз бірге тұратын әйел азаматшасына қатысты жан-жал шығарып, күш қолданумен қорқытқан.

Құқық бұзушыға қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабында көзделген құқық бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Аталған әкімшілік өндіріс ісі қосымша құжаттар жиналу және әрі қарай сот қарауына жолдау үстінде.

Осыған ұқсас жағдай Серебрянка қаласында орын алған. Алайда осы жолы отбасылық жанжал шығарушының құрбаны оның әкесі болып шықты. Ер азаматты бір жұма бұрын есепке алған екен, екі күн өтпестен ол қорғау нұсқаманың талаптарын бұзуға жол берген. Ер азамат ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру