Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО ПД-да “CyberPol” өз жұмысын бастады

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінде киберқылмыстармен күресетін жаңа бөлініс өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жаңа құрылымның алдында тұрған басты міндет – интернет алаяқтыққа қарсы күресті күшейтіп, қылмыстың алдын алу.

Жаңа бөліністің ашылу рәсіміне БҚО ПД бастығы Арман Оразалиев , БҚО прокурорының орынбасары Азамат Сатаев  қатысты.

– “CyberPol” пилоттық жобасын іске асыру үшін біз биыл 19 мамырдан бастап жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл қылмысты ашу және тергеуді бір мамандандырылған топ іске асыратын болады. Топтың құрамында 9 қызметкер (4 тергеуші, 4 жедел уәкіл, 1 криминалист) бар, сондай-ақ олар заманауи техникамен жабдықталған. Олар “бір терезе” қағидаты бойынша жұмыс істеп, арыз-шағым келіп түскеннен кейін бірден барлық кезек күттірмейтін тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларын бір уақытта жүргізетін болады, – деді ПД бастығы А.Оразалиев.

“CyberPol” арнайы бөлінісі цифрлық лабораториямен жабдықталған. Бөліністегі мамандар гаджеттерді бақылау арқылы интернет-алаяқтар қолданатын бағдарламаларды да анықтай алады.

Қазіргі уақытта аталған бөліністің жеткен жетістіктері де жоқ емес. “CyberPol” тобы жұмыс істегеннен бері 15 қылмыс ашылып, олар сотқа жолданды, ал 33 істің ашылу сотқа дейінгі тергеу үстінде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру