Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полицейлері “гастролер” алаяқты Қызылордада қолға түсірді

БҚО полицейлері “гастролер” алаяқты Қызылордада қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 16 тамызда Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қызылорда қаласы аумағында жедел-іздеу іс-шараларын жүргізу барысында бұрын сотталған 37 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол 11-14 тамыз аралығында Орал қаласының аумағында өзін су арнасының қызметшісі ретінде таныстырып, егде адамдардың үйіне кіріп, ақшаларын ұрлаумен айналысқан.

Шығын 900 мың теңгеден астам қаражатты құраған.

Қазіргі уақытта күдікті Қызылорда қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жақын арада Орал қаласына жеткізілетін болады.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) төрт эпизод бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру