Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Бұл алмазды гауһарға айналдырумен тең”: ІІО ардагерлері жас мамандарға тәлімгерлік ету туралы айтты

ІІО ардагерлері жас мамандарға тәлімгерлік ету туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының полиция департаментінде жаңа қызметкерлерге ұжымға бейімделуге, өз білімдерін жетілдіруге, жұмыста алғашқы және маңызды көрсеткіштерге қол жеткізуге тәлімгерлер көмектеседі. Тәлімгерлікке тәжірибелі қызметкерлерден бөлек, ІІО ардагерлері де тартылады. Бұл практика жас мамандарға қажетті дағдылар мен білімді толық көлемде беруге бағытталған.

Тергеу органдарының ардагері Жандос Масабаев жаңа тағайындалған тергеушілерге оң бағыт беру туралы айтты.

Отставкадағы майордың сөзінше, оның міндеті – білікті мамандарды қалыптастыруға және олардың қызметтік міндеттерін тиімді орындауына ықпал ету. Тәлімгерлік тек кеңес беру ғана емес. Ол жас тергеушімен бірге оқиға орнына барып, процесті бақылап, оны нәтижеге әкеледі.

– Бұл алмазды гауһарға айналдырумен тең. Жаңа қызметкерді жедел ден қоюға, дұрыс шешім қабылдауға, маңызды жайтқа назар аударуға үйрету қажет. Ол бәрін егжей-тегжейлі есте сақтап қалуы үшін, жұмыс механизмін кезең-кезеңімен түсіндірудің маңызы зор, – дейді Жандос Садуақасұлы.

Сабақтастық дәстүрін сақтай отырып, жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі мен даналығын жас ұрпақтың бойына сіңіріп келе жатқан келесі азамат – анықтау органдарының ардагері Мұратхан Будеев.

– Ұқыптылық, сауаттылық, ісін соңына дейін жеткізе білу – анықтаушының қызметі үшін ең қажеттісі. Бұл мамандықты таңдаған жастар осы қасиеттерге ұмтылуы керек. Біздің міндетіміз – оларға мақсатқа жетуі үшін “құралдар” беру”, – деп атап өтті отставкадағы подполковник.

Жас офицерлер өз кезегінде ардагерлердің кәсібилігіне, ісіне адалдығына, жоғары жұмыс қабілеттілігіне таңданысын білдіріп, олардың сенімдерін ақтайтынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру