Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Cуға шомылу орындарында рейд жүріп жатыр

Қостанай облысында суға шомылу маусымындағы рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа-райының ысуына байланысты облыс тұрғындары су айдындарына белсене шығады. Осыған байланысты 2020 жылғы 23 мамырда Төтенше жағдайлар департаменті облыстың полиция департаментімен бірлесіп суға шомылу орындары бойынша рейд ұйымдастырды.

Бұл рейдтің мақсаты – тұрғындардың судағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтауы. Өйткені тұрғындармен профилактикалық әңгіме жүргізу, қайғылы салдар статистикасымен танысу облыстың су объектілерінде төтенше жағдайларды болдырмауға көмектеседі.

Балалар қауіпсіздік ережелерін сақтамайды және  уақытынан ерте суға шомылу маусымын ашады, сондықтан ата-аналарға олардың өз балаларымен әңгіме жүргізуін, қауіпсіздік ережелерін түсіндіруін және балаларды қараусыз қалдырмауын сұраймыз.

Облыс тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды өтінеміз:
– Тыйым салынған және бейтаныс жерлерде шомылмаңыз;
– Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
– Судағы бұзақылықтарға жол бермеңіз;
– Бөренелер мен тақтайларда жүзуге тырыспаңыз;

Су объектілеріне жақын жерде жүру және ережелерді бұзу ауыр зардаптарға, соның ішінде суға батуға алып келеді.

Рейд кезінде барлық демалушылармен және балықшылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, жадынамалар таратылды.

Облыс бойынша барлығы 20 рейдтік іс-шаралар өткізілді, 249 жадынама берілді. 16 бала және 25 балықшыға жадынама берді.

Алдын алу шаралары суға түсу маусымы аяқталғанға дейін жалғасады. Өз өміріңіздіді және денсаулықтарыңызды сақтаңыздар. “112” және “101” құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру