Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас боп трактор жүргізген жүргізуші ұсталды

13-14 наурыз күндері ақтөбелік полицейлер ішімдік ұрттап, көлік жүргізген үш жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 наурызда Қарғалы ауданының Петропавловка ауылында “ДТ-75” тракторын мас боп жүргізген 54 жастағы тұрғын полиция көзіне түсіп қалды. Жүргізушінің көлік басқару құқығы да болмапты. Медициналық сараптама қорытындысы оның сол мезетте мас болғанын растап берді.

Екінші жүргізуші “Самара-Шымкент” тас жолының бойында ұсталды. “Хендай Грета” автокөлігін сақшылары 810-шақырымда тоқтатқан. Тізгінде болған 29 жастағы ақтөбелік жігіт ішімдік ішкен болып шықты.


Үшінші жүргізуші “Ақтөбе-Астрахань” автожолының 98-шақырымында ұсталды. Қандыағаш қаласының тұрғыны «ВАЗ- 21150» автокөлігін мас боп тізгіндеген.

Барлық фактілер бойынша қазір тергеу жүріп жатыр. Жүргізушілердің бәрі де изоляторға қамауға алынды.

11 қаңтардан бері қарай Ақтөбеде 39 жүргізуші мас күйінде ұсталған. Көлік жүргізуге құқығы болмаған үшеуінің әрекеті жол оқиғасына себеп болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру