Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалған нөмірмен жүрген жүргізуші адам қағып кетті

Алматы облысының Қаскелең қаласында жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полицейлер қайғылы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен «Лада 21144» автокөлігінің жүргізушісін анықтады.

“Оқиға 14 наурыз күні Наурызбай батыр көшесінің бойындағы базардың тұсында болды. Жүргінші де рұқсат етілмеген жерден жолды қиып өткен екен. Оны көлікпен қағып өткен жүргізуші артына қарамай, зыта жөнеліпті. Жол үстінде қалған 33 жастағы жүргінші ауруханада көз жұмды”, – дейді облыстық ПД Тергеу басқармасының бөлім басшысы Медет Аязбаев.

Көлікті табу үшін жұмылдырылған жедел топқа бір күн қажет болды. Қазіро көлік те, адам қаққан жүргізуші де полицияның қолында. 2002 жылғы жігіттің басқа да жасаған заңсыз әрекеттері белгілі болды.

View this post on Instagram

Внимание всем жителям Карасайского района, помогите срочно найти!🧐🧐🧐 Вчера ночью по ул.Наурызбай батыра возле рынка "Бирлик" сбили насмерть пешехода.😓 На видео видно, как один из пассажиров намеренно снял госномер (машина белая лада ВАЗ 2114) и скрылся с места ДТП вместе с водителем! К сведению пассажиров, явка с повинной смягчить наказание. В противном случае, за укрывательство будет отдельная уголовная статья! #каскелен #дтпкаскелен #карасайскийрайон #сбилпешехода #дтп #сбежал #просьбактоузнал

A post shared by КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz) on

“Тергеу кезінде күдіктінің көлікті заңсыз жүргізгенін анықтадық. Ол, тіпті, көлігіне жалған мемлекеттік нөмір тағып алған. Жол бойынша адам қағып кеткен соң қылмысын жасырам деп алдымен нөмірдің көзін жойыпты. Бір қызығы, оқиға кезінде автокөлік ішінде төрт жолаушы болған. Кейін жүргізуші оларды түсіріп кеткен”, – деп толықтырды М. Аязбаев.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру