Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция дүкендерді тексеріп жатыр

Ақтөбе қалалық ПБ учаскелік полиция инспекторлары ірі дүкендер, супермаркеттер қызметкерлерінің ТЖ режимі кезінде карантин режимін және басқа да талаптарды сақтауына тексеріс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік инспекторлар бірнеше дүкендерді тексерді. Атап айтқанда, кіре берісте ірі гипермаркеттердің бірінде дезинфекциялық тоннель орнатылған, ол арқылы барлық кіріс сатып алушылар өтуі тиіс. Сондай-ақ, гипермаркет қызметкерлерінің бірі кіргенде келушілерге қолдарына антисептик шашып, тағы бір қызметкер сатып алушылардың дене температурасын тексереді. Жалпы осы гипермаркетте карантин ережелерін сақтау үшін барлық жағдай жасалған, бұзушылықтар анықталған жоқ.

Полиция қызметкерлері маскүнемдікке жол бермеу мәселелері бойынша профилактикалық алдын алу жұмыстарын және кезекте тұрушылырға ара-қашықтықтары 1,5-2 метр болу керектігін ескертті.

Қала дүкендерінде карантин талаптарының сақталуын тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру