Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізілді

Екібастұзда рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Екібастұз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері мен Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, су айдындарында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Рейд барысында демалушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттігі, сондай-ақ шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда суға түсудің қауіптілігі туралы ақпарат жеткізілді.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде белгіленбеген орындарда шомылған азаматтар анықталып, оларға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды.

Полиция азаматтарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және тек арнайы жабдықталған, рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру