Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғындары карантин режимін бұзған караоке клубына қатысты шағым түсірді

Нұр-Сұлтан қаласында карантин талаптарын бұза отырып, жұмыс істеген караоке клубы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі сағат 01.54-те Жедел басқару орталығының “102” желісіне жергілікті тұрғындардан карантиндік шектеу шараларына қарамастан, түнде жұмыс істеп тұрған “Баритон” караоке-клубына  шағым түсті.

Оқиға орнына келгеннен кейін полицейлер Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің көмегімен есігін ішінен кілттеп алған көңіл көтеру мекемесінің есігін ашқан.

Аталған караоке клубының әкімшісі мен қонақтары Есіл ауданының Полиция басқармасына жеткізілді. Тексеріс нәтижесі бойынша 15 тұлға түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  437-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Баритон” караоке клубының иесіне қатысты жинақталған материал шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру