Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғындары полицейлерге алғысын білдірді

Елорда тұрғындары астаналық полицейлерге жедел көмек көрсеткені үшін алғыстырын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полиция департаментіне қала тұрғындары мен қонақтарынан көптеген алғыс сөздер келіп түсіп жатыр. Азаматтар жедел басқару орталығына келіп түскен қоңырауларға жедел ден қойған полиция қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіреді. Жыл басынан бері қала тұрғындарынан 70-ке жуық алғыс келіп түскен.

Полицейлердің жұмысы туралы оң пікірлер тікелей “102” арнасына келіп түсіп, азаматтар тәртіп сақшыларына әртүрлі мәселелер бойынша жедел әрекет еткендері үшін алғыстарын білдіреді.

Мәселен, қала тұрғыны полиция қызметкерлеріне жүкті әйелді перзентханаға жедел әрі еш кедергісіз жеткізіп, дәрігерлерге тапсырғаны үшін алғысын білдірген.

Тағы бір жағдайда, әйел адам қоңырауға дер кезінде жеткен патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Көлікті тізгіндеген әйел қар құрсауына түсіп, тоқтап қалып, көлікпен өздігінен шыға алмай қалған. Келген полиция қызметкерлері оған көмектесіп, көлікті қардың құрсауынан шығарып берген.

Тағы бір қала тұрғыны абайсызда автобуста қалдырған ақшасы мен құжаттары бар сөмкесін тауып, қайтарып беруге көмектескен полицейлерге ризашылығын білдірген.

Тұрғындар түнгі уақытта тыныштықты бұзу, абаттандыру ережелерін сақтамау, алкогольдік ішімдіктерді ішу, сондай-ақ, иттерді серуендету туралы өтініштерге жедел ден қоятын учаскелік полиция инспекторларына алғыстарын жиі айтады. Мәселен, қала тұрғыны Рысқұлбекова көшесіндегі үйлердің  бірінде түнде шу шығаратын көршілеріне шара қолдануды сұрады. Тағы бір жағдайда, әйел адам  кіреберісте қалған құрылыс қалдықтарына шағымданды. Келген полицейлер жедел түрде тиісті шараларды қолға алған.

Полицейлер ауысымға түсіп, кез-келген жағдайда азаматтарға көмектесуге дайын.

Азаматтардан хабарламаларды қабылдаудың омниканалды процесі полицияны халыққа жақынырақ және қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Конституциялық құқықтарды қорғау, азаматтардың өтініштеріне дер кезінде жауап беру, сондай-ақ, қиын жағдайда қалған адамдарға көмек көрсету – әрбір полиция қызметкерінің міндеті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру