Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада бірнеше тұрғынды алдағын жалған жиҺаз жасаушы ұсталды

Астана қаласының полиция қызметкерлері интернет-платформалар арқылы жасалған бірқатар алаяқтық деректері бойынша 31 жастағы әйелді анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті интернетте түрлі тұрмыстық жиһаздарды сату туралы жалған хабарландырулар орналастырған.

Ұсынысқа қызыққан азаматтар онымен байланысып, алдын ала төлем аударған.

Ақшаны алғаннан кейін күдікті байланысқа шықпай қойған. Қазіргі уақытта ұсталған әйелдің осындай 23 алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның жеке басы анықталып, басқа өңір аумағында ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция азаматтарға ескерту жасайды: интернет арқылы сауда жасау кезінде аса сақ болыңыздар, бейтаныс адамдарға алдын ала төлем аудармаңыздар және тек тексерілген платформалар мен қауіпсіз төлем тәсілдерін пайдаланыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру