Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада жол қозғалысы ережелерін бұзған 35 жаяу жүргінші анықталды

Елордада ЖАІШ аясында жол қозғалысы ережелерін бұзған 35 жаяу жүргінші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының полиция департаменті “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде жүргізушілердің тәртіптілігін арттыру және кәмелетке толмағандардың жол қауіпсіздігін сақтаудың негізгі ережелері туралы хабардар болуы мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Бұл ретте балалардың жол-көлік жарақатының жиі кездесетін себептерінің бірі – жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерлерден кесіп өту.

Елордада жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен 6 жол-көлік оқиғасы болған.

Мәселен, сағат 12:30 шамасында Газ-А21 автокөлігінің жүргізушісі Шевченко көшесімен Сарыарқа даңғылына қарай келе жатып, белгіленбеген жерде жолдың жүру бөлігін кесіп өтіп бара жатқан 6 жасар жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған бала қалалық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.


Ересектер жолда қозғалысы ережелеріне салғырт қарау арқылы балаларына ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіпті үлгі болатынын есте ұстаған жөн.

Осыған орай, ЖАІШ аясында көше қиылыстарында көлік жүргізу ережесін бұзған 27 жүргізуші, жаяу жүргіншілерге артықшылық бермеген 2 адам, балаларды ұстағышсыз тасымалдаған 12 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жол ережесін бұзған 35 жаяу жүргінші анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру