Елордалық полицейлер азаматтарды заңсыз сақталған қаруды тапсыруға шақырады
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды заңсыз сақталған тіркелмеген атыс және суық қаруды тапсыруға шақырады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттар табылған жағдайда олармен қандай да бір іс-қимыл жасамауды, оларды тасымалдамауды және бұл туралы полицияға "102" телефоны бойынша хабарлауды ескертеміз.
Аталған іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, атыс және суық қаруды қолданумен жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің төмендегі көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
Нұр-Сұлтан қ. ПД - 71-61-70;
"Алматы" ауданы ПБ - 71-67-37;
"Сарыарқа" ауданы ПБ - 71-66-46;
"Есіл" ауданы ПБ - 71-65-61;
"Байқоңыр" ауданы ПБ - 20-22-87.