Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер сервистік модель туралы айтты

Елордалық полицейлер сервистік модель туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында Ішкі істер органдарын жаңғыртудың басымдықтары мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделіне көшуді белгіледі. Оның аясында полицияның халықпен өзара іс-қимылын оңтайландыру, ең алдымен, полиция қызметкерлеріне деген сенімге, серіктестік қағидаттарына негізделген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ІІМ учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін арттыру мен халықпен жұмыс істеудің сервистік тәсілдерін енгізу бойынша шаралар кешенін іске асыруда.

Осылайша, 2021 жылдың шілдесінен бастап учаскелік полиция қызметкеріне полицияның атынан жеке және заңды тұлғаларға құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізу және олардың орындалуын талап ету құқығы берілді. Сондай-ақ, олардың кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін, темекі өнімдерін пайдалануға тыйым салуды бұзғаны үшін, әкімшілік қадағалауды бұзғаны және көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіргені үшін әкімшілік жазалар қолдану жөніндегі өкілеттіктері кеңейтілді. Бұл учаскелік инспекторға өз учаскесінде көбірек болуға, тұрғындармен жүргізілетін алдын алу жұмыстарына алаңдамауға мүмкіндік береді.

Учаскелік полиция инспекторлары халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын іске асыру, сервистік модельге көшу бойынша үлкен жұмыс жүргізді, бұл елордада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша мүмкіндіктер туғызды.

ПИК, МИБ және белсенді жұртшылықты профилактикаға тарту, сондай-ақ, тұрғындармен чаттар құру үлкен демеу болды, соның арқасында учаскелік полиция инспекторларының таным деңгейі айтарлықтай өсті.

Бүгінгі күні “Сарыарқа” ауданының базасында Қарағанды пилоттық жобасының жекелеген элементтерін енгізу жоспарлануда. Жетекшілік ету кезінде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, прокуратура, елорданың қоғамдық кеңесі өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық топтардың бағытын қалыптастыру көзделген.

Топтың бағыты криминогенділікке егжей-тегжейлі талдау жүргізу, қауіпсіздік проблемаларын және қылмыстың аудан аумағына әсер ету ауқымын анықтау, барлық билік органдарын тарта отырып, оларға кешенді ден қою болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру