Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ерлікке тағзым: Атырауда полицейлер батыр әріптесінің отбасына құрмет көрсетті

Атырау қаласының бас полицейі ерлікпен қаза тапқан Шалқар Ақымғалиевтің отбасына барды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

23 маусым – Қазақстан полициясы күні қарсаңында Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы Айдар Қасанов және әріптестері қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкері Шалқар Ақымғалиевнің отбасына арнайы барып, анасына құрмет көрсетті.

Кездесу барысында марқұмның ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы адал қызметі мен ерлігі еске алынып, оның жарқын бейнесі әріптестерінің жадында мәңгі сақталатыны айтылды. Полицейлер Шалқар Ақымғалиевтің анасына ізгі тілектерін жеткізіп, батыр ұлдың есімі әрдайым құрметпен аталатынын атап өтті.

Ерлік ешқашан ұмытылмайды, ал батырдың есімі мәңгілікке халық жүрегінде сақталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру