Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есепте тұрған ақтөбелік сотталған азамат азқамтылған отбасыға көмек берді

Пробация инспекторының қолдауымен, есепте тұрған сотталған азқамтылған сотталғанға азық-түлікпен көмек берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы Алтынбек Сарғалдақовтың бастамасымен, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған Н. өзі секілді есепте тұрған сотталғанға азық-түлікпен көмек берді.

Пробация қызметкерлерінің айтуынша, “Тең-теңімен” стратегиясына сәйкес ұйымдастырылған аталған іс-шара пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың әлеуметтік азқамтылған басқа да сотталғандарға көмекке қол ұшын созу арқылы олардың бір-біріне деген мейірімділіктерін ояту, қоғамға көзқарастарын жақсы жағынан өзгертуге арналған.

– Пробация қызметкерлері біздің жазаларды орындауымызды бақылау кезінде әлеуметтік- құқықтық көмектерді беріп қана қоймай, осындай өмірдің қиын жағдайында дұрыс жолға түсіп кетуіміз үшін материалдық тұрғыда көмектер көрсетіп келеді. Сондықтан пробация қызметіне алғысымыз шексіз, – дейді есепте тұрған сотталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру