Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі қолданған әрі сақтаған көпбалалы шетелдік әйел елден шығарылды

Атырауда есірткілік мас күйде көлік басқарып, психотропты дәрі сақтаған Өзбекстан азаматшасы 6 баласымен ел аумағынан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткілік мас күйде көлік басқарып, қол сөмкесінде әр түрлі 34 дана психотроптық дәрі-дәрмек сақтаған 30 жастағы Өзбекстан азаматшасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданған болатын.

Тексеріс барысында тәртіп сақшылары 30 жастағы шетелдік азаматша мен оның 6 баласының құжатсыз жүргенін анықтаған. Шетелдік әйел Атырау қаласына 2013 жылы келіп, жеке басын анықтайтын құжаттарын жоғалтып алған. Сонымен қатар, 7, 5, 3, 2, 1 және 2022 жылы туған балаларының да құжаты болмаған. Осылайша, Атырау қалалық Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері Атырау қалалық перзентханасынан кәмелетке толмаған алты балаға туу туралы анықтама алып, Өзбекстан Республикасының Елшілігіне аталған азаматшаны еліне қайтару үшін берілетін куәлікті алып беруге ықпал етіп, тиісті заңды көмек көрсетті.

Атырау қаласы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен 30 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматшасы алты баласымен ҚР аумағынан тысқары шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру