Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де Әзірбайжанмен қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимыл талқыланды

Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Саденов Әзірбайжан Республикасы ІІМ-нің Қазақстандағы өкілі Зойрайббели Анвер Зохраб оглымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Е. Саденов ІІМ әзірлеп жатқан қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының негізгі бағыттары туралы айтты. Әріптестерге қазақстан полициясын түрлендіру, басқару шешімдерін әзірлеу, бюрократсыздандыру және полиция қызметін оңтайландыру үшін проблемалық-бағытталған қадам енгізу туралы хабардар етті.

Тараптар қылмысқа қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың басты мәселелерін жан-жақты талқылады. Өзекті бағыттар, оның ішінде трансұлттық және ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне және жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша өзара іс-қимылдың одан арғы келешектері айқындалды.

Кездесу өзара түсіністік және конструктивті диалог жағдайында өтті.    

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру