Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішімдікке қаражат табу үшін ер адам ауылдасының көлігіндегі жүксалғыштан кілттер жинағын ұрлаған

Қарағанды облысында ер адам ауылдасының машинасындағы жүксалғышынан кілттер жинағын ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қыркүйекте Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының ПБ-не 40 жастағы ауыл тұрғынынан арыз түсті. Арызында, белгісіз үйдің ауласында тұрған көліктің жүксалғышынан кілттер жинағын ұрлап кеткені туралы хабарлады. Шығын 65 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ұрлыққа дейін жәбірленушінің үй жанында 40 жастағы ауылдасының жүргенін анықтады. Бірнеше адамдарға арзан бағаға кілттер жинағын ұсынған. Күдікті бұрын маскүнем ретінде есепте тұрған және әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полицейлермен ұсталған күдікті кінәсін мойындады. Спирттік ішімдік алу үшін қолайлы жағдайды қолданып, жәбірленушінің ашық тұрған жүксалғышында көзіне түскенді алып, қашқан.

Қазақстан Республикасының ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру