Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төрт тәулік бойы үйіне келмеген жасөспірім табылды

Павлодарлық жедел уәкілдер төрт тәулік бойы үйде болмаған жасөспірімді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қыркүйекте полицияға жасөспірімнің анасы мазасызданып, хабарласты. 19 қыркүйек сағат 19.00 шамасында 17 жастағы ұлы серуеннен кейін үйге оралмаған.

Жасөспірімді іздеуге барлық бөлімшелер бағытталды, ал жоғалған адамның белгілері бар бағдарлар облыстың барлық полиция жасақтары арасында таратылды.

Тәртіп сақшылары көшелерді тексерді, ойын-сауық орындарын, теміржол және автовокзалдарды тексерді, сондай-ақ жасөспірімдердің достары мен таныстарымен сұхбаттасты.

Бір тәулік бойы тынымсыз жұмыстың нәтижесінде полицейлер баланы тапты. Тәулік бойы іздеу жүріп жатқанда, жасөспірім жолға, Нұр-Сұлтан қаласына шығып кеткен. Жасөспірімнің айтуынша, ол жай ғана елорда көшелерімен серуендегісі келген.

Қазіргі уақытта жасөспірім Нұр-Сұлтан қаласының “Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына” орналастырылды. Туыстары келгенге дейін ол орталықта болады.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналарын, қамқоршыларын балаларға көбірек көңіл бөлуге, олардың қоршаған ортасына, достарына, істері мен оқуына қызығушылық танытуға шақырамыз.
Егер бала жоғалып кетсе, дереу “102” желісіне қоңырау шалыңыз. Өз беттеріңізше іздеу, әдетте, нәтижеге әкелмейді, ал бала сол уақытта қиыншылыққа тап болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру