Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрінің орынбасары Жетісу облысына барды

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Жетісу облысы полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

А.Сайтбеков сапарын облыстық департаменттің кешенді тексеру қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізуден бастады. Аппарат және аудандық бөлімшелер басшыларымен кездесу барысында министрдің орынбасары қызметтегі кемшіліктерді атап өтіп, бөлімше басшыларының алдына қызметті жетілдіру және халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру бойынша нақты мақсаттар қойды.

– Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері өзгеріссіз болып қалады: халыққа қызмет ету, азаматтардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап беру, олардың заңды мүдделерін қорғау және құқықтық тәртіпті сақтау. Жетісу азаматтарының тыныштығы мен тұрақтылығын сақтау жауапкершілігі сіздерге жүктелген, өңір аумағында заңдылықты нығайту да сіздерге байланысты, – деп атап өтті Айдар Сайтбеков.

Министрдің орынбасары әр бөлімше басшысының жеке маңыздылығына назар аударып, олардың әрбірі өз қарамағындағы қызметкерлер үшін өркениетті тұлғамен қатар, үлгілі отағасынан бастап тиімді кәсіпқойға дейінгі бірнеше қасиеттерге ие болу қажеттілігін атап өтті.   

Одан бөлек, тәртіп сақшыларына басшылық құрамды аттестаттау үшін әзірленген тәсілдер түсіндіріліп, сондай-ақ Президенттің полицияның алдына қойған негізгі басымдықтары мен ішкі істер министрі Ержан Сәденов жүктеген міндеттер туралы айтылды.

Кеңес аяқталғаннан кейін Сайтбеков өңірдің патрульдік полицейлерімен кездесті.

– Патрульдік қызметі ең мобильді бөлімше болып саналады. Сіздер қылмысқа қарсы күресте әрқашанда алдыңғы қатарда тұрасыздар. Дәл сіздер азаматтармен бірінші болып сөйлесіп, полицияның бет-бейнесі болып табыласыздар, сондықтан ішкі істер органдары туралы халықтың пікірі сіздердің сауаттылық пен кәсіби деңгейлеріңізге тікелей байланысты. Сіздердің арқаларыңызда тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінуі қажет, – деп атап өтті Айдар Сайтбеков.

Министрдің орынбасары патрульдік полицейлер құқық бұзушылықтың алдын алуға, бірінші кезекте қоғаммен тығыз серіктестікте өзекті мәселелердің шешімін табуға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

– Күн сайын біздің азаматтарымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында өңірдің екі жүзге жуық патрульдік полицейлері қызметке түседі. Сіздер түрлі жағдайларды өз бастарыңыздан өткізіп, атақ үшін емес, өз қызметтік және азаматтық борышқа сай ерлік істерді жасап жатырсыздар. Араларыңызда өз өміріне қауіп төндіріп, жас бүлдіршіндерді от жалыннан шығарғандар, қарт әжені құтқарғандар да бар. Бұндай ержүрек әрекеттеріңіз барлық жеке құрамға үлгі болып қалады. Сіздерге қызметте сәттілік, жаңа жеңістер мен жетістіктер, ең бастысы – отбасыларыңыз бен жақындарыңыздың амандығын тілеймін, – деді Сайтбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру