Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин талаптарын сақтамаған кәсіпкерлік нысан анықталды

Шымкент қаласы әл-Фараби ауданында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша мониторинг жұмысы тұрақты түрде жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аудандық әкімшілік жанынан құрылған мониторингтік топ өкілдерімен бірге тұрғындар арасында коронавирус инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында тұрақты түрде түсіндірме жұмысын жүргізіп келеді.

Мониторингтік топтың құрамында полиция қызметкерлері, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, прокуратура, сондай-ақ аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары бар.

Арнайы топ кәсіпкерлік нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтамаған адамдарды анықтап, карантин талаптарын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-тармағы бойынша төрт хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, тұрғындар мен кәсіпкерлерді Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қала аумағында карантиндік шектеу шараларын ұзарту туралы 2020 жылғы №46 қаулысының талаптарын орындауға шақыруда. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру