Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда ер адам балаларына 1,2 млн теңге қарыз

Ақмола облысында ер адам балаларына 1,2 млн теңге қарыз, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары тарапынан материалдық қамтамасыз етілу құқығына кепілдік береді. Осы түрдегі алименттерді қатаң бақылау тек мәжбүрлеп өндіріп алуды және белгілі бір әкімшілік-азаматтық шараларды ғана емес, сонымен бірге қылмыстық жауапкершілікті де көздейді.

Мәселен, Көкшетау қаласының Полиция басқармасына жеке сот орындаушысынан 50 жастағы жергілікті тұрғынды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материал келіп түсті, өйткені ер адам ұзақ уақыт бойы кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент төлеу жөніндегі міндетін орындамаған. Сомасы қомақты – шамамен 1,2 млн теңге.

Бұған дейін ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Балаларды асырауға қаражат төлеу бойынша міндеттерді орындамау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру