Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы ПД бастығы спортшы полицейлерді марапаттады

Жамбыл облысы ПД бастығы спортшы полицейлерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов жұмыста жақсы көрсеткіштерімен ерекешеленген бірқатар қызметкерлерді марапаттады.  Қызметімен қатар спортқа да үлгеріп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп жүрген бірнеше полиция қызметкеріне ПД бастығы салтанатты түрде алғыс хаттар табыс етіп, қаржылай сыйақымен марапаттады.

Полиция аға лейтенанты Ержан Түкекбаев жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс медаль иегері, Монғолия елінде өткен Азия Чемпионатының қола жүлдегері, “Халықаралық дәрежедегі спорт шебері”. Ал полиция капитаны Медет Раисов самбодан Қазақстан Республикасы Чемпионатының 2-орын, Азия Чемпионатының 3-орын иегері. Сондай-ақ, ІІМ Чемпионатының 2-орын жеңімпазы, “Халықаралық дәрежедегі спорт шебері”.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің аға инспекторы Ерлан Махмутов – жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының күміс медаль иегері, Корея Республикасында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері, бүгінде “Халықаралық дәрежедегі спорт шебері”. Полиция капитаны Ерлан – қызметте еңбекқор, кәсіби білікті маман, сонымен қатар отбасында да үлгілі әке.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру