Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда жүргізуші куәлігі жоқ мас тұрғын танысының көлігін ұрлап кеткен

Көкшетауда жүргізуші куәлігі жоқ мас тұрғын танысының көлігін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қаңтарда сағат 02:30 шамасында Көкшетау қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының “Әскер 7” экипажының қызметкерлері қызмет көрсететін учаскені патрульдеу барысында Уәлиханов көшесінің бойынан 34 жастағы жүргізуші тізгіндеген ГАЗ-2110 автокөлігін тоқтатқан.

Әңгіме барысында полицейлер алкогольдің иісін сезіп, ер адамды көлікті басқарудан шеттеткен. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші “жеңіл дәрежеде” мас күйде болған. ТҚС қызметкері аталған сағатта көлігін жөндеуге қалдырған клиентінің көлігін ұрлап кеткені белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автокөлікті заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар тексеріс барысында жүргізушінің көлікті басқару құқығы болмаған.

34 жастағы Ақмола облысының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығы жоқ алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру