Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулық жедел уәкілдер “Автоураган” кешенінің көмегімен ұрланған көлікті тапты

Көкшетауда жедел уәкілдер “Автоураган” кешенінің көмегімен ұрланған автокөлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері “Автоураган” кешенінің көмегімен 49 жастағы ер адамның өтініші бойынша қылмыстың бетін ашты. Жәбірленушінің айтуынша, 7 шілдеде Шевченко көшесіндегі үйдің ауласынан белгісіз адам Mercedes көлігін айдап әкеткен. Залал сомасы 2,5 млн теңгені құрады.

Тәртіп сақшылары бұл фактіні ҚР ҚК-нің 200-бабы (Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) бойынша тергеу тізілімінде тіркеп, көлікті іздеуге кірісті.

Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы барып, қылмыс түнде жасалғанын және көлік үйдің жанында тұрғанын анықтады. Одан кейін жедел полицейлер қаланың бейнебақылау камераларынан барлық бейнежазбаларды қарады. Сондай-ақ осы факт бойынша аймақ полициясының барлық нарядтары бағдарланды. Тергеу аясында жедел уәкілдер “Автоураган” кешенінің бекіту камераларынан бейнені зерттеп, таңертеңгі сағат 05.33-те көлік Еленовка ауылына қарай бағыттағанын анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс ауылдарының бірінде полиция қызметкерлері автокөлікті ақаулы жағдайда анықтады. Кейінірек облыс орталығында 30 жастағы ер адам табылды, оның осы қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру