Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік басқару құқығынсыз рөлге отырған шетелдікке қатысты іс сотқа жолданды

Атырауда көлік басқару құқығынсыз рөлге отырған шетелдікке қатысты іс сотқа жолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атырау қаласының аумағында 22-28 тамыз аралығында заңсыз көші-қонның алдын алу және көші-қон заңдылықтарының сақталуына бақылау жүргізу мақсатында өткізіліп жатқан “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері заңсыз жолаушы тасымалдаумен айналысқан шетел азаматын анықтады.

Атап айтқанда, 22 тамыз күні Бейбарыс даңғылы бойында электрондық бағдарлама қосымшасы арқылы такси қызметін заңсыз атқарып жүргені үшін тоқтатылған Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі Тәжікстан Республикасының 28 жастағы азаматы бұрын жасаған құқық бұзушылығы үшін жүргізу құқығынан айырылғандығы белгілі болды.

Көлік құралы арнаулы тұраққа жеткізіліп, жүргізушісі ҚР ҚК-нің 571-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Одан басқа, 612-бабының 3-бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру