Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік ұрлығынан сақтаныңыз

Жетінші қыркүйекте сағат 10.50-де Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны полицияға жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам үйден шығып, ауласында “Ауди-80″көлігін таппағанын айтады.

Қылмыс жасауға қатысы бар адамдарды, осы оқиғаның куәгерлерін анықтау мақсатында Ақсу қаласының ПБ қызметкерлері барлық аудандарды тексеріп, үйлердің тұрғындарынан жауап алды. Тиімді атқарылған жұмыс нәтижесінде тәртіп сақшылары осы көлікті иемденіп алған қаскүнемді ұстады. Ер адам өз кінәсін мойындады.

Ол бұрын сотталған 24 жастағы жігіт болып шықты. Көлік иесіне толығымен және зиянсыз қайтарылды.

Полиция қызметкерлері автокөліктер көбінесе көшенің жол бөлігінен және аулалардан ұрланатынын еске салады. Себебі онда жүргізушілер өз мүлкін күзетсіз қалдырады.

Сондықтан, автокөлік ұрлығының құрбаны болмас үшін автокөлікті сақтаудың негізгі шараларын сақтау қажет екенін ескертеді. Яғни, сенімді автокөлік сигнализациясы жүйелерімен және ұрлыққа қарсы техникалық құралдардың басқа түрлерімен жабдықтау. Көлікті тек жарық, бейнебақылау камералары мен күзет орындары бар жерлерде қалдырған жөн.Сонымен қатар, тәртіп сақшылары көлік салонында құнды заттар мен құжаттарды қалдырмауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру