Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік жүргізу құқығынан айырылған ақтөбелік тағы да мас күйде ұсталды

Ақтөбеде мас жүргізуші ұсталып, оның көлік жүргізу құқығы жоқтығы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 сәуір күні түнде Шалқар ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ерімбетов көшесінде апатты жағдай тудырған “Toyota Land Cruiser 200” маркалы автокөлігін тоқтатты. 23 жастағы көлік жүргізушісінен алкогольдің өткір иісі шығып тұрды.

Жүргізілген сараптама жүргізушінің мас күйінде екенін көрсетті. Сондай-ақ, жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жыл басынан бері облыс бойынша полиция қызметкерлері көлік құралын мас күйінде басқарудың 37 фактісін анықтады, жүргізушілер бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру