Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі ПД-да жыл басынан бері пойыздардың шұғыл тежелуінің 500-ден астам фактісі тіркелген

Көліктегі ПД-да жыл басынан бері пойыздардың шұғыл тежелуінің 500-ден астам фактісі тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері көлік полицейлері 988 рет халықпен кездесу өткізді, 1553 рейдтік іс-шара, оқу орындарында “Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ” тақырыбында 1433 дәріс өткізді. Оның айтуынша, бүгінгі күні уәкілетті органдар тарапынан жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар мәселені түбегейлі шешпейді. Бұл ретте, әрбір азамат теміржолдағы жүріп-тұру ережелерін қатаң сақтауы тиіс және ол туралы өзгелерді де ескертуі керек.

Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары М.Айтуғановтың айтуынша, биыл көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 501 фактісі тіркелген, оның ішінде 116 факт адамдардың қатысуымен болған. Сондай-ақ 11091 тұлға белгіленбеген жерлерден теміржол төсемін кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар пойыз астына 25 азамат түскен. Өкінішке орай, оның 15-і жарақат алып, 10-ы көз жұмды.

Мәселен, 17 мамыр күні Абай облысының А Бекеті – Сол жақ Ертіс аралығында жолаушылар пойызының машинисі 31 жастағы ер адамды қағып кетті. Ол Семей қаласының жедел медициналық ауруханасына жеткізілді. Тексеру барысында ер адамның теміржол төсемін белгіленбеген жерден өткені анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 344-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Статистика темір жолдағы жарақаттанудың негізгі себептері – азаматтардың теміржол көлігі объектілерінде қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуларынан немесе сақтамауларынан болатындығын көрсетеді. Көп жағдайда, олар жолды қысқарту мақсатында белгіленбеген жерлерден және вагондардың астынан өтіп жатады, – деді М.Айтуғанов.

Көлік полицейлері тағы да барлық азаматтарды жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Алдымызда балалардың жазғы демалысы келе жатыр. Сондықтан, әсіресе, ата-аналар балаларға қауіпті аймақтағы жүріп-тұру ережелерін және оның ойынға арналған жер емес екенін түсіндіріп отырулары тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру