Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Колония қызметкерлері жол апатына ұшыраған жүргізушіні құтқарды

Павлодар облысында колония қызметкерлері жол апатына ұшыраған жүргізушіні құтқарды, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

Таңертеңгі сағат 07.30 да Шідерті кентіне қызметке келе жатқан қызметкерлер жолда тұрған көлікті байқады. Кейінірек анықталғандай, көліктің жүргізушісі Астанадан Екібастұзға бара жатып, жол апатына ұшырап, 35 градустан астам төмен температурада трассада қалған.

– №47 мекеме қызметкерлері (қауіпсіздігі төмен мекеме) көмек қолын созып, манипулятор шақырды. Манипулятор келгенше мекемеден ыстық шай мен тағамдар, сондай -ақ жүргізушіге жылы заттар әкелінді. Ауа температурасының төмен болуына байланысты көлікте пеш істемей қалған, – деді мекеме бастығының орынбасары Жарас Бекенов.

Бақытымызға орай, автокөлік жүргізушісі аман-сау. Мекеме қызметкерлері оны Екібастұзға дейін жеткізіп тастады. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру